Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулымдық” Замира жүктілігіне қатысты түсініктеме берді

“Қалаулым” реалити-шоуының символы Замира Сұлтанның жүктілігі туралы сыбыс әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Stan.kz сайтының тілшісі атышулы Замираға хабарласып, анық-қанығын анықтады.

“Менің бір ауырып тұрған мезетімді полицейлер түсіріп, таратып жіберген. Аяғы ауыр деп көмектесудің орнына өздері қызықтағандай болды. Мен құсып, берекем кетіп тұрған. Жақындауға қорқады. Бірақ аяғым ауыр емес. Сол видеоға түсірген күні мен өзімді жайсыз сезініп, аяғым ауыр болған шығар деген ой болды. Полицейлер жақындап халімді сұраудың орнына, мені сырттан қызықтап тұрды. Мені мас деп ойлаған болуы керек. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне наразымын”, – деді Замира біздің сайтқа.

Замира Сұлтан Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне деген ренішін де жасырмады.

“Кешеден бері осы видео тарап жүр. Сәл кейін Инстаграм парақшамда түсіндіріп жазамын. Өз-өзіме келе алмай жатқанда, табалағандай болған. Менен полицейлердің өздері қорқатын сияқты ғой. Қарапайым адамдарға жігіт бастарымен жақындай алмаса олардың несі полицей болып жүр, бізді қалай қорғайды?!

Күйеуім жағымнан салып қалғанда, мен далада шу шығарып, аузыма келгенімді айттым. Ешқайда бармайтынымды, жүрегімнің айнып тұрғанын түсіндірдім. Сол кезде Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері көмектесудің орнына мені сыртымнан видеоға түсіріп тұрды. Жаныма жақындауға қорықты. Полиция қызметкерлері емес, қарапайым адамдар болса, қатты мән бермейтін едім.

Ендігіде Наурызбайдағы полиция басқармасының алдына барып, үлкен дәретке барып отырып кетсем, не істейді екен? Олар әдейі істейді. Себебі, мен бүкіл полиция басқармасына құсып тастағанмын. Не маған, не күйеуіме күштері жетпейді, қайтсін енді? Видеоға түсіруден басқа амалдары жоқ.”, – дейді “Қалаулымның” атышулы символы.

 

Талқылау