Қалағаныңызды тегін аласыз: Елордада қайырымдылық дүкені ашылды
Қасиетті Рамазан айында елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық дүкені ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордадағы республикалық бас мешіттегі «Рахмет» қайырымдылық дүкені ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ашылған.
Мұнда демеушілер әкелетін киім-кешектер жуылып, тазартылғаннан кейін дүкен сөрелеріне қойылады. Мұқтаж жандар дүкеннен өзіне қажет киімдерді тегін ала алады.
Талқылау

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты