Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қақаған аяз салдарынан Алматы облысындағы бірнеше елді-мекен сусыз қалды

Алматы облысының Талғар және Қарасай ауданындағы бірнеше елді-мекен ауыз сусыз қалды. 50 мыңнан астам тұрғыны бар Талғар қаласының 30 процентке жуық халқы қазір тіршілік нәрінсіз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысындағы судың тапшығына қатты аяз себеп болған. Облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің сөзінше, ауыз су тау өзендерінен алынады. Ал өзендерге мұз қатып, су алу жұмысы қиындаған.

«Қазір Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылының бірнеше көшелері сусыз отыр. Бірақ шамамен бір сағаттың көлемінде мәселе шешіледі.

Ал Талғар қаласындағы халықтың 70-80% су бар. Бірақ судың қысымы өте төмен. Бұл жерде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры» МКК-ң екі бригадасы жұмыс істеп жатыр», деді Ғ.Жүкел.

Осылайша қақаған аяз мамандарды әбігерге салуда.  Ал сусыз отырған халыққа тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды

Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Елімізде алты күнге созылған аяз салдарынан 350-ден аса қазақстандық үсіп қалған

Ақтауда 15 жастағы каратэші бала өзіне тап берген 4 еркекті ұрып тастады

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қаңтар, 2018 08:57
Талқылау