Кафеде тамақтанып отырған алматылықтың үстіне әйнек құлап жарақаттады (фото)

Сәрсенбі, 17 Тамыз , 2016 18:09

Бойжеткеннің мойны мен аяғы орташа деңгейде тілініп кеткен. Даяшылар дереу дәрігер шақыртып, қызға алғашқы көмек көрсетілген.

  оқс-жағдай

Сурет:Бақтыгүл Бүрбаева

Ыңғайсыз жағдай Алматыдағы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығы қасындағы “Odysseya” кафесінде болды. Оқиға куәгері  түскі тамаққа келген қыздың үстіне 4-қабаттан сынған әйнек түскенін айтады. Оның сөзінше қыз күннен қорғайтын шатырдың астында отырған. Соның өзінде жоғарыдан түскен сынық әйнек оның желке тұсы мен аяғын кәдімгідей жарақаттаған. Себебі, қыз отырған жердің өзі қан болды дейді.

оқс-жағдай1

Сурет:Бақтыгүл Бүрбаева

«Мен тамақтанып отырғанмын. Бірден қатты айқай мен әйнектің жерге түскен даусын естідім. Даяшы жүгіріп далаға шықты. Артынан мен де ердім. Қарасам қыздың желкесі мен аяғы қанап жатыр. Шатырдың астында отырғанының арқасында аман қалды деп ойлаймын»,-дейді оқиға куәгері  Асқар Айтуов.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ана жедел жардем кызметкеринин тырнагын бояп алганы неси болмайды гой олай бояп алуга медицина кызметкерлерине катан ескнрту беру крек оган

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар