Кафе жағалап көңіл көтеріп үйренген қыз қалай хиджаб кигенін айтып берді

Жұма, 29 Шілде , 2016 9:26

Соңғы уақытта қоғамда дүрбелең туғызған салафиттер мәселесінің бір ұшы сақал қоятындар мен орамал тағатындарға да тигені рас. Бүгінде орамал тағып, хиджап киіетін, тіпті көзін ғана қалдырып, бетін паранжамен бүркеген қаракөз қыз-келіншектерді жиі көреміз. Осы орайда орамал таққан қазақ қыздарын әңгімеге тартып көрдік.

ывыв

Фото: voxpopuli.kz

Бұл туралы “Қамшы” порталы хабарлайды.

Көпшілігі аты-жөндерін толық атамауды сұрағандықтан тек аттарымен беруді жөн көрдік.

Ұзын етек көйлек киіп, орамал таққанына жеті жылдың жүзі болған Айжан бұл шешімін жүрек қалауымен орындалғанын айтады.

“Өзі сондай күй болады адамда. Не істеріңді, не қалайтыныңды білмей дал боласың, түсініксіз күй кешесің. Жеті жыл бұрын менде де сондай әсер болды. Әйтеуір бір өзгерісті қалап тұрдым. Ол кезде тіпті намаз да оқымайтынмын. Сосын сыртқы келбетімді өзгерту керек деп шештім. Осылайша киіну үлгім ауысты”, – деген Айжаннан туыстары мен көршілері “намаз оқып жүрсің бе?” деген сұрақты қоя беріпті.

“Арада, екі жыл өткен соң ғана, намаз оқу туралы ойлана бастадым. Ақыры шариғатта әурет жерлерді жабу әйел затына парыз етілген. Мен мұны жасап жүрмін. Ендеше мұсылманның бес парызының бірі – намазды неге оқымасқа деген ой келді. Осылайша жеті жыл бұрын орамал тақсам, намазды бес жылдан бері ғана оқимын. Бұған маған ешкім де, ешнәрсе де әсер, ықпал етпеді. Тек жасөспірім шақтың өтпелі кезеңінде қабылдаған шешімім өмірлік сеніміме айналды”, – дейді Айжан.

Ал тұрмыс құрмаған кезінде кафелетіп те, сыралатып та үйренген Ақерке “намазхан жігітке тұрмысқа шыққан соң, өмірім өзгеріп сала берді” дейді. Ақеркенің айтуынша, көрші қыздары “орамал тағатын, намазын қаза қылмайтын, өзі сияқты қыдырымпаз емес, тәртіпті” қыздар екен.

“Сенің мына жүрісің болмайды. Қызсың. Болашақ анасың. Сені жақсы бір мұсылман жігітпен таныстырайық. Ол сені өзі тәрбиелеп алады, бақытты боласыңдар деген көршілерім бір күні туған күніме үйге бір жігітті ертіп келді. Орта бойлы, шамалы ғана сақал қойған, сүйкімді екен. Әдетте ішіп алып секіріп билейтін мен, сол жолы “сызылып” қалдым. Сөз жоқ әлгі бала (қазіргі жолдасым ғой) ұнап қалды”, – деген Ақерке бас-аяғы екі аптаның ішінде маңызды шешімдер қабылдап, тұрмысқа шығады. Өзінің айтуынша, бұған дейін бос өмір сүргенін түсінген келіншек жолдасының ақылымен намазға жығылып, хиджап тәрізді орамал тағатын болған.

Біз сөйлескен қыздардың көпшілігі орамал таққандарына өкінбейтіндерін айтанымен, мұндай маңызды шешімді қабылдаған соң, артынан өкініп, “шешінген” қыздар да кездесті.

“Үйленеміз деп жүрген жігітім ұзын етек көйлек пен орамал тағуымды өтінді. Оны сүйгендіктен келісімімді бердім. Алайда, оқуымда да, жұмысымда да көп кедергілер көрдім. Колледжден шығарамыз деген қысым мен жұмыс орнымдағы бастығымның «ала көзіне» шыдай алмадым. Сосын бір-ақ күнде “шешінуіме” тура келді”, – деген Сабираның жігіті осы оқиғадан кейін қызбен байланысын үзіпті.

“Негізінде, орамал, етек дегенге қарсы емеспін. Бірақ, бұл адамның жан қалауымен орындалуы керек. Мен жігітімнің көңілі үшін оның қалауын жасағым келген. Бірақ, маған да білім алып, жақсы жерлерде жұмыс істеу керек қой. Киімімдегі ерекшелігім үшін қоғамнан бөлініп қалғым келмеді”, – дейді Сабира.

Сабираның айтуынша, “болашақ жарым” деп бағалаған жігіті оның тұмшаланғанын қалаған. Дегенмен оның жүріс-тұрысы, қап-қара сақал қойған достары бойжеткенге ешқашан ұнамапты. Осылайша жолдары екі айырылған жастардың болашағына діни сенім-наным әсер етуі мүмкін екен.

Дегенмен орамал таққан аруларымыздың көпшілігі бүгінде өз қалауларынша өмір сүретіндерін, қоғамда өздеріне деген теріс пікірдің азайғанын айтады.

Алматыдағы орталық мешіттің маңына бара қалсаңыз, орамал таққан қыз-келіншектерді көптеп кездестіруге болады. Қай-қайсымен тілдессеңіз де, әурет жерін жауып, бес уақыт намазын қаза қылмауға тырысып жүргендерін айтады.

Дегенмен, жоғарыдағы кейіпкерлеріміздің бірі айтқандай, киіну ерекшеліктеріне қоғам бой үйрете бастағанымен, оқу мен жұмыста айтарлықтай кедергілер болатыны жасырын емес. Сондықтан, көптеген орамалды қыздарымыз күнкөрістің қамы үшін “халал” асханалар мен базарларды жағалауға мәжбүр екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Басына орамал тағып, тізеден төмен көйлек кисе, ешкім ештеме демейді ғой, хиджап киіп тұмшаланбай

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар