Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кабулдағы бүгін болған жарылыстан қазақстандықтар зардап шекті

Бүгін Кабулда жарылыс болып, соның салдарынан Қазақстанның 2 азаматы зардап шекті, деп хабаралйды Қазақпарат.

18740723_10212811618542347_5770699090257919213_n

Қазақстандық азаматтар жарылыс болған кезде қонақ үйде болған. Қонақ үй жарылыс болған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан, деп жазады Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

18740377_10212811491939182_8713813153639586218_n

«1982 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы басынан жарақат алды, ал 1991 жылы дүниеге келген азаматтың аяғын терезе әйнегінің сынықтары жарақаттаған. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, қауіпсіз жерге көшірілді. Олармен қазақстандық дипломаттар тұрақты байланысқа шығып отыр», – деп жазды ол.

Жарылыс салдарынан Қазақстанның Кабулдағы елшілігіне де зақым келген.

18836020_10212811620062385_2842239005717094634_n

«Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар жарылыстан зардап шеккен Қазақстанның басқа да азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Қала жабық. Ауғанстан астанасында жүрген барлық отандастарымызға қалада қауіпсіздік шараларын сақтауды, өздерінің жағдайларын туыстарына ескертіп, қажет болған жағдайда Ауғанстандағы Қазақсанның консулымен мына «қауырт желі» телефон нөмірімен  +93-747- 250-343 (WhatsApp) хабарласуды өтінеміз», – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

“Барлық қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтамыз”, – деп жазды Әнуар Жайнақов.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы Қазақстан теңге сарайы шығарған алтын құймаларды алғашқы болып сатып алды

Өмір заңнан парасатты келеді: Бас прокурор Үсенов пен Нидің неліктен түрмеге отырмағанын түсіндірді

Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды (фото)

Талқылау