Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабдеш Жұмаділов елдегі өзгерістер туралы: Кішкене тұра тұру керек қой, халық қорыта алмай жатыр

Белгілі қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділов еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттілігін тоқтатуы туралы жаңалықты қалай қабылдағанын айтып берді. Қаламгер сондай-ақ, елорданың жаңа атауына да қатысты пікірін білдірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазушының айтуынша, тұңғыш президенттің дер кезінде өкілеттілігін тоқтатып, екінші адамға өткізгені дұрыс болған. Қабдеш атамыз бұдан бөлек, Назарбаевтың жан-жағын, болашақты болжай алатын ақылды адам екенін атап өтіп, бұл шешімді өте дұрыс қабылдағанын айтты. Бірақ, ол елде арты-артынан өзгеріс енгізбей, халықтың біраз үйренісуін күтулері керек еді деп ойлайды.

«Бірақ, не үшін екен 3-4 күнде қанша өзгеріс болды. Біреуін бойға сіңіріп алғанша кішкене тұра тұру керек қой. Мысалы, Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертіп жіберді. Ол енді бұрыннан дайындалған нәрсе. Астана деген қаланың аты болмайды. Мен  алғашында баланың атын – бала деп қойды деп жазғам. Астана атсыз тұрды. Осы өзгерісті 20 жыл күтті. Ол кезде Астана деп жай қоя салды. Бұл уақытша қойылған атау болатын. Енді Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салуға ерекше күш салды. Ол халықтың табан ет маңдай тері», - дейді Қабдеш Жұмаділов.

Қаламгердің айтуынша, бұл қала бүкіл Қазақстанның, республиканың іш майын сорды. Сондай-ақ, ол 20 жылдың ішінде бой көтерген зәулім үйлер, неше түрлі құрылыстар, ғимараттардың өздігінен тұра қалмағанын, оның халықтың маңдай тері екенін атап айтты. Сонымен бірге, жазушы Астана атауын өзгертуде Вашингтонды атағандай үлгі болған шығар, бірақ қала салынданда-ақ осындай ой болды дейді.

«Астана неге 20 жыл бойы атсыз тұрды. Астананы астана деп атауға болмайды. Міне, қазір енді осының бәрі тым шапшаң болып жатыр. Халық оны миында игере, қорыта алмай жатыр. Кішкене сәл арасына кідіріс жасап барып, апта салып, ай салып жасалатын нәрселерге қарсы емеспін»,- дейді қаламгер.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр