Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеужігіт өз тойында келген қонақпен төбелесем деп көз жұмды

23 жастағы күйеужігіт тойын қонақүй-мейрамханада жасаған. Ол той кезінде мас қонақтың бірімен сөзге келіспей қалады.

Оқиға Украинаның Киев қаласында болған. Күйеужігіт мәселені шешу үшін сыртқа шығып кетеді. Күйеужігіт далада 66 жастағы күзетшімен де жанжалдасады. Күйеужігіт үлкен жастағы күзетшіге тап береді. Алайда күзетші пышақ алып шығып оның кеудесіне сұғып алған.

Бірақ уақыт өткен соң көп кідірген күйеужігітті іздеу үшін қалыңдығы сыртқа шыққан. Ол қансырап жатқан жігітті даладан тауып алған.

Қалыңдығының айтуынша, жігіт ол кезде есін білген. Күзетші қалыңдығңына бәрі дұрыс деп жауап беріпті. Жедел жәрдем қызметкерлері жігітте емханаға алып кетеді. Алайда жігіт 1 жарым сағаттан соң емханада көз жұмған.

Күдікті ұсталып, қылмыстық іс жүріп жатыр. Ол 10 жылға сотталуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да сүйіктісін алып қашқан жігіт жол апатына түсті

Жолбарыс тордан босап кетіп адамдарға шабуылдады (видео)

Әйелі Instagram желісіндегі бір ғана сурет арқылы күйеуінің көзіне шөп салғанын білді

Талқылау