Күйеуі әйелінің 400 мың долларлық неке сақинасын байқамай лақтырып тастады
Миссури тұрғыны Берн Скитиэри әйелінің 12,5 караттық 400 мың долларға бағаланатын неке сақинасын абайсызда лақтырып жіберген.

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.
Өте қымбат тұратын бағалы сақинаны іздеу үшін қоқыстардың арасын асықпай қарауға тура келген.
Күйеуінің айтуынша, әйелі Карла сақинаны орамалмен бірге ас үйдегі үстел үстіне тастап кеткен. Үйге қоқыс жинаушылар келді дегенді ести сала ол, орамалды орап басқа қоқыс заттарымен бірге тиеп жібереді. Осылайша қымбат сақина қаптаған қоқысқа қарай жол тартады.
Амалы жоқ, ер адам қоқыс жинаушыларды әңгімесіне сендіріп 10 тонналық қоқыс арасынан іздеуге кіріседі. 25 минут өткен соң Джо Эванс есімді қызметкер сақинаны алып шығады.

“Біз әдетте мұндай заттарды таба алмаймыз. Оннан бір жағдайда ғана кездесетін шығар тауып алу. Бұл өте керемет сәт болды”, – дейді Эванс.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды