Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Күйеу жігіт WhatsApp үшін қалыңдығын ұнатпай қалып, өз тойына келмей қойды
Үндістанның Амрохе қаласында Камар Хайдар есімді жас жігіт өзінің үйлену тойына келмей қойды. Өз әрекетін түсіндірген ол қалыңдығының WhatsApp-қа өте көп уақыт бөлетінін айтқан.
Қалдыңдықтың әкесі Уроой Механдидің сөзінше, жастардың үйлену тойы 5 қыркүйекке белгіленген. Қыздың отбасы күйеу жігітті кеш түскенше күткенімен, алайда ол сол күйі келмепті, деп хабарлайды NDTV басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Нәтижесінде қалыңдықтың әкесі өзінің ағасын күйеу жігітке жіберіп, мән-жайды білгісі келген.Өз кезегінде Хайдардың отбасы үйлену тойынан бас тартты. Бойжеткен WhatsApp мессенджеріне көп уақыт бөлетіндіктен, оны соншалықты жақсы деп айта алмаймыз, дейді күйеу жігіттің отбасы.
Сонымен қатар Хайдардың отбасы қалыңдықтың ата-анасы қыз жасауы ретінде 6,5 миллион рупий (34 миллион теңгеден аса) төлесе, күйеу жігіт өз ойынан бас тартатынын мәлімдеді.
Осыдан кейін қалыңдықтың әкесі полицияға шағымданған. Ал полиция учаскесіндегілер аталған іске қатысты тергеу жүргізуге уәде берді.