Талдықорғандық әйел әкім үй бермесе, үстіне бензин шашып, өзін өртеп жіберетінін айтты

Талдықорған қаласында үшбалалы ана ВИЧ-пен ауыратын әкесіне қарап, жанұясымен екі мың теңгеге күн көріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Тағдыр тәлкегіне түсіп, түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп жүрген Айгерім Талапбекова есімді қазақстандық қиындықтарға бұдан артық төзе алмайтынын айтып күйінді. Үш баланың анасы, бүгінде шатыры жоқ үйде ВИЧ ауруына шалдыққан әкесіне қарауға мәжбүр. Сорақысы —Талдықорған қаласында өмір сүретін әйелдің әкесін осындай дәрежеге дәрігерлер жеткізген. Әкесі ауырып қалғанда ақ халатты мамандар оған ВИЧ ауруы бар қанды құйып жіберген.

Мемлекеттің көмегіне мұқтаж Талапбекова “Нұр Отанға” да, әкімдікке де жолыққан. Алайда, ол жақтағылар анаға өз мәселесін өз бетімен шешуге кеңес берген

“Кішкентай үш айлық баламды көтеріп алып “Нұр Отанға” барғанмын. “Үйдің төбесін жабуға көмектесіңіздерші” деп өтініп едім. Өтінішіме “аяқ-қолыңыз сау, жұмыс істеңіз” деген жауап алдым. Үш айлық баланы кімге тастап, қандай жұмысқа барамын?

Үйдің шатыры жоқ болғандықтан баспанамыз үйге ұқсамайды. Іші даладағыдай салқын. Қыс кезінде ызғарлы аязда тұру өте қиын. Балаларыма суық тиіп қалды, олар көкжөтелмен ауырып жатыр. Үш бөлмелі үйді 2017 салып бастағанбыз. Әкем әр кірпішін, әр бұрышын өзі қалаған.

2017 жылы ол кісінің денсаулығы күрт нашарлап кетті. Сондықтан үй де аяғына дейін салынып бітпей қалды.

Бір күні әкемнің мұрнынан аққан қанды тоқтата алмай қойдық. Қарызға батсам да, әкемді тез арада  көппрофилді ақылы ауруханаға  алып бардым. Ол жақтағылар қанды тоқтатты, қан қысымын төмендетті. Бірақ әкем сол  ауруханадағы дәрігерлер жіберген қателіктің кесірінен қан ауруын жұқтырып алды. Олар  кінәларын жасыру үшін әкемнің анализдерінің барлығын жоқ қылып жіберді деп ойлаймын. Себебі, ауруханадан әкеме тиесілі науқас кәртішкесін іздеп едім, мекеменің қызметкерлері оны ойда жоқта  жоғалтып алғандарын айтты.

Егер әкем жаман ауруды жұқтыртпай, өзі ВИЧ-ке табиғи жолмен шалдыққанда бұл жағдайға  түсіністікпен қарауға болатын еді. Қателік кетпесе, отбасы мүшелері де сол аурмен ауыратын еді ғой.  Бұл дерт әкеме дәл сол ауруханада жұқты. Жақында аурухананың дәрігерлері қан тобын шатастырып алып, бір апаға басқа топтыкін құйды. Ол кісі қайтыс болып кетті. Мекемеде осындай сұмдық орын алып жатыр.

Ал қазіргі уақытта әкемнің мұрнынан қайта-қайта қан кете береді. Салмағы қырық үш килограмм болып қалды. Жүрегі де қатты ауырады, инсульт алған кезінен бері көп уақыт өтіп үлгерген жоқ. Ауруы балаларыма жұғып кетеді ме деп қорқамын.

Жергілікті дәрігерлер оған Астанаға барып ақылы түрде емделіп қайтуға кеңес беріп отыр. Астанаға ол кімнің қолына барып тұрады? Менің атамның ба? Бас қалада оны ешкім күтіп отырған жоқ. Өзі отыз үш мың теңге көлемінде зейнетақы алады. Ол ақша дәрісіне жетпейді. Оның үстіне менің басымда, анамның мойнында екі-екі миллион теңгеден екі кредит бар. Олардан қайтып құтылатынымызды білмеймін. Кредитор несие төленбесе, үйімізден шығарып жіберетінін ескертті.

Үш баламның әкесі дәнекерлеуші болып жұмыс істеп жүргенде темір кесетін құрылғыға қолын кесіп алған еді. Саусақтарынан айырылып қалған. Енді оны кім жұмысқа алады? Бүгінгі күні жұмысы үшін алатын жалақысы екі мың теңге. Оның бір мыңы нан мен сүтке, бір мыңы бензиніне кетеді. Қол-аяғым жіпсіз байланып, шарасыз күйді кешудемін”, — дейді ол.

Айгерім Талапбекова қыстың суығына, ызғарына қарамастан бар шағымын жеткізіп, көмек алу үшін әкіммен кездесуге келген. Қала басшысына ішінде сақталып қалған дүниесін айтуға бел буған ол, әзірше көздегенін жүзеге асыра алмады. Нұрпейісованың жанын жегідей жеген проблеманы әкімнің орынбасары тыңдаған.

“Әкім орнында жоқ. Ол қалада жүр дейді. Халыққа көмектеспесе, орнында отырмаса, ондай әкімнің қажеті қанша? Ондай әкімнің не қажеті бар? Орынбасарларымен сөйлестік. Бізбен тілдесуге уақыты жетпейді, қолы тимейді. Қандай көмек көрсетілетінін нақты айтқан жоқ. Әкімдікке барғанымда “неменеге жылайсыз” деп мені мазақ қылды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ертең келеді екен. Егер ол кісімен кездесіп, баспана беруін, кредиттерді жауып беруін сұраймын. Егер айтуға мүмкіндігім болмаса, әкімдіктің алдында үстіме бензин шашып, өзімді өртеймін”, — дейді Айгерім Талапбекова.

 

 

 

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар