Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өлімі: Күдікті Құдайбергенов жайлы жаңа мәліметтер пайда болды

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың ата-анасы нақты дәлел талап етіп, тіпті, әлеуметтік желілерге видеоларын да жариялаған еді өткенде. Бірақ, екінші күдікті Арман Құдайбергенов туралы ешқандай ақпарат айтылмайды. 31 арна тілшілері сонау Байқоңыр жақтағы Арман Құдайбергеновтың балалық шағы өткен ауылына арнайы барып, әкіммен де, сабақ берген мұғалімдермен де тілдесіп көрген еді.

Арман Құдайбергенов

Құдайбергенов қанды қылмысқа барды дегенге ауылдастары сене ме? Күдікті, оқушы кезінде қандай болған дейді?

Ресейдің еншісіндегі Байқоңыр қаласын жағалай орналасқан Төретам, Ақай деген ауылдар бар. Чемпионға пышақ салып, ажал құштырды деп басты күдікке ілінген 24 жастағы Арман Құдайбергеновтың бала күні осы қос ауылда өткен. Ақайда туылғанымен, Төретамдағы мына №85 мектепте 7-сыныбына дейін білім алған екен. Бірақ бұл ауылдарда күдіктімен көрші тұрдық , не болмаса танимыз деген жан табылмады. Есесіне, оқыған мектебіндегі ұстаздар Арманның аты қылмысқа қатысты шыққанда жағамызды ұстадық деп отыр.

“Оқушы оқыған кезінде мінезі тәрбиесі бәрі жақсы болды. Жақсы жағынан көірініп жүрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрді”, – дейді №85 орта мектептің іс жүргізушісі Нұрбибі Ықыласова.

Бүгінге дейін Арман Құдайбергенов Байқоңыр қаласында жалғыз әкесі екеуі ғана тұрған дейді мұғалімдер. 7-сыныптан 9- сыныпқа дейін Байқоңыр қаласындағы мектепте оқыған. Одан соң, Алматы, Астана қалаларында жұмыс істеп жүрді дейді тұрғындар.

“9-кластан кейін өз жұмыстарымен жүрген. Отбасы Байқоңыр қаласында тұрған. Сосын кейін, естуіміз бойынша, Алматыға қарай кеткен ғой”, – дейді Төретам ауылының мұғалімі Шайқыбек Сүйімбетов.

– Бұзықтығы болған ба?

– Кенттің ішінде сұрасам бұзықтығы болмаған.

Әкім 11600 адам тұратын ауылда жастарға барлық жағдай жасалған дейді. Айтуынша білім жағынан да ауыл алдыңғы қатарлардан көрініп жүр. Ал Арманның бұл іске күдікті болып табылуына кейін Алматы, Астанада жүрген шағындағы үлкен қалалардағы қым-қиғаш тіршілік, болмаса араластын ортасы әсер етуі мүмкін дейді әкім де, мектеп ұстаздары да.

Талқылау