Ізмұхамбетов шетелдіктермен бәстесіп, оларды облысты газдандыруға қалай көндіргенін айтты

Жұма, 19 Ақпан , 2016 15:57

Кеше облыс мәслихатының кезектен тыс отырысында Атырау делегациясы облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетовты БҚО құрметті азаматы атағының берілуімен құттықтады.
Осы жайттан кейін Ізмұхамбетов ойламаған жерден қызықты бір оқиғаны еске алды.

izmuhambetov

Сурет mgorod.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Ақ Жайық хабарлайды.

Болған жайт көрші өңірді газдандыруға байланысты еді.
«2007 жылы мен БҚО әкімі болып тағайындалдым. Энергетика және миниралды ресурстар министрі болып қызмет атқарып жүрген кезде таң қалатынмын: Тіпті облыстық орталыққа газ кіргізілмегеніне қайран қалдым. Жұрт үйлеріне тонналап көмір түсіріп жататын. Президент жанында жүріп көптеген шетелдік іссапарларда болдым. Одан біраз дүниені үйрендім. Қарашығанақтан Оралға дейін газ құбырын тарттыруды ойладым. Бұл мәселені бірнеше рет досым Ұзақбай Қарабалинмен талқылап, ақылдастым. Оның ықпалы болған да болуы керек. Менің БҚО-ға әкім болып тағайындалғанымды естіп құттықтау үшін «Аджип» және Бритиш Газ» компанияларының вице-президенттері келді»,- деп бастайды сөзін облыс әкімі.
Ресми кездесуден кейін әкім оларды түскі асқа шақырған. Тамақтану кезінде бірге отырған ағылшын азаматы, үлкен тенниске арналған алаңды көріп Ізмұхамбетовтен үстел теннисіне арналған залдың бар-жоғын сұраған. Облыс әкімі бірден «оның барын айтады. Ағылшын азаматы үстел теннисін көруді сұраған.
«Маған осы кезде бір ой келді. Ресми кездесу кезінде олардан Қарашығанақ-Орал газ құбырын жүргізуге көмектесулерін сұраған болатынмын. Ол кезде олар осы сұрағыма ешқандай жауап бермеген еді. Залға қарай бет алған кезде мен оларға «Сіздер мені бұрыннан білесіздер, бәстесіп ойнайық. Ойында ұтылсам газ құбыры жайлы мәселені қайта көтермеймін. Егер жеңсем – осы істе маған көмектесуге сөз бересіздер» дедім. Олар бірден көне қалды. Ойында мен жеңдім. Бір айдан кейін газ құбырын жүргізу мәселесі шешілді. 2007 жылдың желтоқсанында құрылыс жұмыстары басталып кетті», – дейді облыс әкімі.

«Осыдан кейін менің шетелдік достарым тағы келді. «Көңіліңіз толды ма?» деп сұрады олар менен. Мен қуланып: Мен сіздерден тек Орал халқы үшін құбыр жүргізуді сұраған жоқпын. Оның ішінде Сырым ауданының халқы да бар еді. Ол жер облыс орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Содан оларға Сырым ауданына дейін құбырды жеткізуге тура келді. Кейіннен біз олармен Қарашығанақ мәселесі бойынша Астанада жолығып қалдық. Қаратөбе ауданының мәселесі сол кезде шешілген болатын. Ол дегеніңіз тағы жүз шақырымдай жер», – деді әкім.

Міне, 282 млн доллардың құырлысы осындай жолмен басталып аяқталған еді. Мен шетелдік компаниялардың басшыларымен жақсы қарым-қатынастың арқасында БҚО-ның ғана емес Атырау облысының бірқатар мәселелерін шешіп бердім. Сол кездегі БҚО әкімі мен өңір тұрғындарына алғысымды айтамын», – деп аяқтады сөзін Ізмұхамбетов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар