“Иванушки International” тобының экс-солисі өмірден озды
Бүгін таңертең “Иванушки International” тобының экс-солисі Олег Яковлев өмірден озды.
Бұл туралы әншінің азаматтық некедегі жары Александра Куцевол хабарлады.
“Бүгін сағат 7:05-те мен өмірімдегі ең маңызды ер адамымнан айырылып қалдым. Менің періштем, менің бақытым… Енді сенсіз қалай өмір сүремін? Ұш, Олег! Мен әркез сенімен біргемін», – деп жазды Александра.
Бұған дейін Яковлевтің ауыр халде аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Дәрігерлер әншінің өкпесінің қабынғанын айтты.
Айта кетейік, Олег Яковлев танымал топта 1998-2013 жылдары аралығында ән салды. Ал одан кейін жеке шығармашылығымен айналысты.
Оқи отырыңыз:
Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті
Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім
Бағлан Әбдірайымов көп әйел алуды заңдастыру керектігін айтты
Кемальдың мұңын пианиномен жеткізген Бақаева жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
