Иті эпилепсиямен ауыратын кішкентай иесінің қай кезде дерті қозатынын болжап береді (фото)

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 7:58

Чеширде тұратын тоғыз жасар Милли Уэбб эпилепсия ауруына шалдыққан. Тіпті, қыз қатты күлген жағдайда оның дерті қозып, ұстамасы ұстап қалуы мүмкін. Бұл рефрактерлі эпилепсия деп аталады, аурудың бұл түрінде ұстаманы дәрі-дәрмектің көмегімен алдын алу мүмкін емес. Қыз эмоционалдық тұрғыдан құбылған кезде ұстамасы ұстайды, мұндай жағдай шамамен күніне 50 рет болып тұрады. Егер оны қараусыз қалдыратын болса, жеткіншек бас-ми жарақатын алуы немесе булығып немесе өліп кетуі мүмкін.

4109

Достарымен бірге ойын ойнап, көңіл көтерсе де, бассейнге түссе де Суллидің ұстамасы ұстап қалады. Қуанышқа орай, Суллидің өмірін сақтап жүрген жақын досы, бір жасар иті Элмо бар. Жануар қожайынының ұстамасы ұстайтын сәтті болжап біледі, деп хабарлады Daily Mail.

Қыздың әкесі Стюарт Уэбб: «Қызым көңіл көтерсе, мысалы достарымен белсенді түрде ойын ойнаса, қатты күлсе, талып қалуы мүмкін. Милли кішірек кезде бәрі жеңілірек болатын. Өйткені ол серуендеуді ұнатпайтын. Ал қазір ол достарымен бірге далаға шығып ойнағысы келеді. Кейде оның жай бір орында отырып, теледидар көргенін қалаймыз. Бірақ ол таза ауаға шыққанды, велосипед не ролик тепкенді ұнатады», – дейді.

1270

Дәрігерлер Милли шалдыққан эпилепсияның бұл түрін қалай емдерін білмейді. Өйткені оған арналған дәрі-дәрмектер есірік пен ұстамаларды бақылауда ұстап тұра алмайды.

«Милли Алдер-Хэй мамандарының бақылауында. Одан бөлек, қызға жергілікті медбикелердің бірі қарайды. Оның жиі ұстамасы ұстап қалады, соған дәрігерлер қатты таңқалады», — дейді қыздың әкесі.

Милли науқасқа шалдыққан бес жылдан бері ол 12 түрлі дәрі-дәрмек түрін ішіп көрді. Алайда олардың бірде бірі эпилепсия ұстамасын тоқтата немесе бақылауда ұстап тұруға көмектесе алмады.

«Милли — тамаша қыз, өзі ұшқалақ. Ол үлкен бір күшке ие, ауруға бой алдырмайды. Ұстамасы ұстап қалғаннан кейін орнынан тұра алған кезде бірден тұрып кетеді. Ол бар болғаны басқа балалар сияқты бол,ысы келеді. Біз де мүмкіндігінше оны тоқтатпаймыз», – дейді қыздың анасы Линда.

2157

Өткен жазда Милли бассейнге түсіп жатқан кезде оның ұстамасы ұстап қалған. Сол кезде Элмо жүгіріп барып, оны құтқарып алды. Қыз жылап, ауыра бастаған кезде ит оның қасына жүгіріп барып, бетінен жалайды. Осылайша жануар оның шашалып қалмауына, есін жиюына көмектеседі.

Ал маусым айында Милли диванда ұйықтап қалған кезде Элмо кенет орнынан атып тұрып, оның бетін жалай бастады. Линда итті қуып жібермек болады. Алайда сәлден кейін қыздың ұстамасының басталғанын байқайды.

«Элмоның бізге ескерту жасаған кезі осы еді», — дейді қыздың анасы.

3122

Енді Миллидің отбасы Элмоның талантын дамытпақшы. Арнайы үйретушіні жалдап, олар қыздың ұстамасы ұстайтын кезде үнемі жануар арқылы біліп отырмақ. Уэббамға жергілікі кинологиялық орталыққа жүгінуге кеңес берілді. Бірақ Линда: «Элмоға ұстамамен қалай күресу керектігін үйретудің қажеті жоқ, ол оны онсыз да біледі. Оған тек бізге белгі беріп, ескертіп тұруды үйрету керек. Егер Элмо үйретілген жануар болғанда ол барлық жерде қызымыздың қасында жүрер еді. Біздіңше, Элмоның Миллиге көмекесетін қабілеті бар», – дейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Иті иесін бетперде киіп шабуылдаған қорқынышты сайқымазақтан құтқарды

Иесінің күшік кезінен асыраған иті қасқыр болып шыққан (фото)

Австралияның ең үлкен иті өзін әлі де күшік секілді сезінеді (фото)

Күйеуін ит секілді қарғыбаумен сүйреп жүрген келіншек көрген жұртты таң қалдырды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар