Итальяндық азамат алиментті пиццамен төлейтін болды
Италия соты бұрынғы ер адамға бұрынғы әйеліне алиментті ақшамен емес, айына 300 еуроның пиццасымен өтеуге рұқсат берді.

Сурет: amorez.com
Ерлі-зайыптылар баланың әкесі ай сайын 300 еуро төлеуі тиіс деп келіседі. Алайда итальяндықтың мұндай ақшасы болмайды. Сондықтан ол алиментті өзінің жұмысында пісіретін пиццамен өтеуді ұсынады. Әйелге оның ұсынысы ұнамағандықтан, қайта сотқа жүгінеді. Бірақ бұрынғы күйеуінің жалақысы аз болғандықтан сот оның пайдасына шешім қабылдайды. Бұдан былай итальяндық кәсіби аспаз әйелі мен баласына алиментті пиццамен төлейтін болды.
Оқи отырыңыз:
Неапольде ұзынды 2 шақырым болатын әлемдегі ең ұзын пицца дайындалды (фото)
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды