Италиялық футболшы футбол тарихындағы алғашқы жасыл қағазды алды
Италиялық футболшы Кристиано Галано тарихтағы тұңғыш жасыл қағазды алды.

Фото: sportnaviny.com
Бұл туралы RT хабарлайды.
Бұл оқиға В сериясындағы “Виртус Энтелла” пен “Виченца” командалары арасындағы матч кезінде болған. Екінші таймның ортасында Галано қақпа маңында соққы жасап, осыдан соң төреші бұрыштама добын белгілейді. Ал Галано доп қарсыластардың ешқайсына тимегендіктен, төрешіге қателігін көрсетеді.
Ойыншының тәртібіне мән берген төреші fair play ережесін сақтағаны үшін, оны жасыл қағазбен марапаттаған. Ол матч хаттамасына енгізілмейді.
Жасыл қағаз – В сериясында енгізіліп отырған сынақ түріндегі бастама. Алаңда әділдік танытқан футболшылар осылай жасыл қағазбен марапатталып отырмақ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"