Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиядан «мыстан қыздың» моласы табылды

Археологтар Италияның оңтүстігіндегі Сан-Калоджеро коммунасында орта ғасырларда өртеніп, жерленген 15-17 жасар бойжеткеннің сүйектерін тапты, деп хабарлайды Вести.ру.

Ғалымдар болжауынша, марқұмды мыстан деп деп санаған. Сондықтан оны алдын ала бөлшектеп, бетін жерге қаратып жерлеген екен. Айтуынша, оған бойжеткеннің аурушаң түрі себеп болған секілді.

«Шамаланып отырғандай, марқұм қыз қырқұлақ (цинга) дертіне шалдыққан. С дәруменінің жетіспеушілігі салдарынан оның түрі солғын әрі аурушаң болған. Кент тұрғындары бойжеткенді дуагерлікпен айналысады деп санаған болар, сондықтан марқұмның тірілмеуі үшін қолдан барын жасағаны шамаланып отыр»,– деп мәлімдеді ғалымдар тобының басшысы, Папалық Римдік археологиялық академиясының топография профессоры Филипп Пергола.

Бойжеткен IX-XV ғасырларда жерленген. Ал оның  нақты уақыты радиокөміртекті талдау жасалған соң анықталады.

Мола V-VI ғасырларда салынған костелда табылған. Ол 1593 жылдан бері қараусыз қалған.

Талқылау