Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит тірідей жерге көмілген сәбиді тауып, құтқарып қалды

Тайландтың Накхон Ратчасима провинциясында ит өрістен тірідей көмген жаңа туған баланы тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабаралайды.

құтқарушы итБелгілі болғандай, 41 жасар Уза Низайка (Usa Nisaika) фермерлік алқаптардың біріне итпен серуенге шыққан. Серуендеу кезінде иті Пинг Понг кенеттен жерді тырмалап, қаза бастаған. Иесі итті қызықтырғанын не екенін көруге келгенде, жердің астынан баланың аяғын көрген. Низайка жаңа туған шарананы жерден қазып алып тез ауруханаға жеткізген.  Ол оны тез босатып, ауруханаға апарған.

құтқарушы ит

Басылымның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта сәбидің денсаулығына еш қауіп жоқ.

Полиция қызметкерлері баланың анасын тапты. Ол ауылдың 15 жасар тұрғыны болып шыққан. Жас қыз өзінің жүктілігін туыстарынан жасырып, ешкім көрмейтін жерде босанып, сәбиді көміп кеткен. Себебі ата-анасы ұрысады деп қатты қорыққан. Кейіннен анықталғандай қыздың ата-анасы немересін ауруханадан алып, оның тәрбиесімен айналысуды жоспарлап отыр.

құтқарушы ит

Низайканың айтуынша,  жергілікті тұрғындар оның итінің  іс-әрекетіне таңданғанын және оны батыр деп атайтынын айтты. Иесі Пинг Понгтың әрдайым адал ит болғанын атап өтті.

 

Талқылау