Ыстық клизма әсерінен күйік шалған сәби емханадан шығарылды
Алматыдағы педиатрия орталығынан ыстық клизма әсерінен күйген бала шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан Шымкентте күйік шалған сәби емделіп шықты. Сәбиді 22 сәуір күні шығарды.
Баланың жағдайы жақсы, күйік жаралары толығымен жазылды. Бала 19 күн бойы емделді, қазір белсенді, температурасы жоқ, тәбеті жақсы. Біз оның дені сау болып өсіп, ата-анасын көз қуанышы болуын тілейміз", - дейді дәрігерлер.
Естеріңізде болса, Шымкент қаласындағы инфекциялық аурулар ауруханасының дәрігерлері 10 айлық сәбиге қайнаған сумен клизма жасап, баланың жамбасы мен ішкі ағзасын күйдіріп алған болатын. Қайнаған сумен сәбиге клизма жасаған дәрігерлер жазаланды.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?