Испанияда орыс қызы анасы мен інісін асырау үшін жезөкшелікпен айналысқан
Испаниядағы Альмерия қаласында 13 жастағы қыз анасы мен інісін асырау үшін жезөкшелік жолға түскен.

Бұл туралы НТВ хабарлайды.
Қыздың анасы жасөспірімнің жеңіл жолға түсуіне өзі рұқсат берген. Ол қыз ер адамдармен жақындасқаны үшін 15 евро алатын болған.
Қызда да, анасында да ресейлік азаматтық екен. Алайда әйелдің тоғыз жасар ұлы Испания азаматы болып шықты. Бірақ, әкесінің қайда екені белгісіз.
Полицияға әйелдің көршілері шағымданғаннан кейін тексеру басталған. Жасөспірім қыз бұған дейін кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық көрсеткен 59 жастағы ер адаммен кездескен. Сотқа дейін ер адам қамауда болады.
Тәртіп сақшылары қыз бен анасын да тұтқындап, бірақ кейін сотқа дейін шартты түрде босатқан.
Айыпталушының балалары қазір билік қорғауында. Олар күрделі өмір жағдайына тап болған балаларға арналған колледжде тұрып, білім алып жатыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан