Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда мэр оқушыларды темекі қалдығын теруден жарыстырмақ

Испания астанасының мэрі Мануэла Кармена оқушыларға қала көшелеріндегі темекі қалдықтарын теруден жарыс ұйымдастырмақшы.

image91399

Мэр осыған дейін темекі тұқылдарын теруге студенттер мен олардың ата-анасын жұмылдырып, ынталандырған.

Енді мэр мектеп оқушыларына теекінің қалдығын тергізбекші. Ол бұл туралы жергілікті радиоға берген сұхбатында хабарлаған. Қала басшысы оқушылар арасында бір сайыс өткізуді ұсынған.

Мэрдің айтуынша, қала оқушылары Мадрид көшелерінен темекі тұқылдарын теруден жарысуына болады. Қоқыстың бұл түрін неғұрлым көп жинаған адамға артынша бағалы сыйлық табысталады. Мұнымен қоса, балалар қоршаған орта тазалығы үшін үйде де күресуіне болады екен.

Бұл үшін олар темекі тартып болып, тұқылды қоқыс жәшігіне салмаған ата-анасына футболдағыдай қызыл қағаз берсе жетіп жатыр екен.

Талқылау