Испан тілінде ән айтқан Жанболат пен Жазира көпті таңдай қақтырды (видео)
Өзге әріптестерімен салыстырғанда Жанболат пен Жазира көп демала бермейді. Әйткенмен жыл оны екі ай концерт пен тойда қызмет ететін жұп биыл шетелге барып қайтуды жөн көрген. Қазіргі уақытта олар Таиланд елінде демалуда, деп жазады Stan.kz.

Жазира Байырбекова желіде демалысының қызықты сәттерімен бөлісіп, оқырмандарын қуантуда. Instagram-ға жүктелген мына видеода жұлдызды жұп испан тіліндегі әйгілі әнді орындау үстінде. Желідегілердің пікірінше, Андреа Бочеллидің “Quizás” әні жұлдызды жұпқа жараса кеткен. Ал шетелде түсірілген мына ролик бейнебаянға да жарайды.
“Керемет әдемі, әндерің де, өздерің де, демалып отырған жерлерің де”, “Сендерге ризамын, жұптарың жазылмасын. Алла тіл көзден сақтасын”, “Клип түсіріп келсеніздерші, керемет”, “Дайын клип қой”, – деп тәнті болды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады