Басты жаңалықтар
Исландия комментаторы топтың жеңісіне ерекше қуанып, эфирде шыңғырды (видео)
Кеше футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық турнирі аяқталды. F тобында бәсекеге түскен Исландия мен Австрия кездесуінде аралдықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Осы ойынды тікелей эфирден жүргізіп отырған Исландия комментаторы отандасы Траустасон 94-минутта жеңіс голын соққанда бар пәрменімен шыңғырып, эмоциясын бір шығарып алды.
Исландия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысқан еді. Ларс Лагербек шәкірттері жай ғана қатысып қоймай, плей-офф кезеңіне де жолдама алды. Олар F тобында үш кездесу өткізіп, 5 ұпай жинап, екінші орын алды. Соңғы үшінші ойында Австрия құрамасын төреші қосқан қосымша минутта ұтып кетті.
Голдар: Бодварссон, 18 (1:0); Шёпф, 60 (1:1); Траустасон, 90+4 (2:1).
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған