Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам діні бойынша ақшаға адам жалдап жоқтау айтқызуға бола ма?

Соңғы уақытта азалы отбасына ақшаға жалданып, жоқтау айтуды кәсіпке айналдырғандар шығып жатыр. Ақшаға жоқтау айтып беретіндер расында бар ма? Еуразия арнасы ақшаға жоқтау айтудың дұрыс не бұрысын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz 

Ислам дінінде ақшаға адам жалдап жоқтау айтқызуға болады ма

Бүгінгі күні ақшаға жоқтау айтып беріп, кәсіптің жаңа түрін ашқан адамдар бар сыңайлы. Танымайтын біреу үшін жылап, мұндай қадамға баруға ислам діні рұқсат бермейді.

"Пайғамбарымыздың заманында (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жоқтау айтатын жалдамалы әйелдер болған. Арнайы жалданып, адамдарға жоқтауын айтып берген екен. Соны көрген пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : Мыналар бізден емес,— деп айтқан екен. Демек, тыйым салған", — дейді Хазірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет.

Жазушы-этнографтың пікірінше, бар мұңын ішінде сақтаған адам түбінде ауруға шалдығады. Сондықтан жоқтауды біреуге айтқызғанша, ішіндегісін сыртқа адамның өзі шығарғаны дұрыс.

"Қайғы ішіне түсіп кетеді. Түсіп кеткеннен кейін, жас та шықпай қалады. Жас шықпаса ол дертке айналады. Іште шемендей шер қалып қалады. Ауру адамның өзін алып қояды", — дейді Ұларбек Нұрғалым. 

Журналист, фотограф Серғали Еріктің пікірінше, жоқтаудың мағынасы уағызға ұқсас.

"Жоқтаудың мәні қаза болған адамның қадірін халыққа ұқтыру, құнын көтеру, сонымен бірге өмір мен өлімнің мәнің ашу", — дейді ол.

Сонымен қатар, жоқтау деген — сырттан келе жатқан кісіге қай үйде қаза болғаны, кімнің қайтыс болғанын, қай жастағы адамның өткенін, қандай жағдайда кеткенін білдірудің әдепті, әдемі жолы. 

 

Талқылау