Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам дінін қабылдаған Линдси Лохан сән көрсетіліміне хиджаб киіп барды

Кезінде есірткі қолданғаны үшін бірнеше рет түрмеде отырып шыққан Линдси Лохан Лондондағы сән апталығына қара хиджаб киіп барды. Атақты актриса көрсетілімнен кейін жанкүйерлерімен суретке түсіп, сұлулық брендтерінен сыйлықтар алды. Ол өзінің жаңа бейнесі туралы түсініктеме беріп өтті.

Бұл туралы New York Post хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Сән міндетті түрде жалаңаш болып киіну емес», – дейді Голливуд актрисасы.

Атышулы актрисаның сән көрсетіліміне хиждабпен келгені жұрттың бәрін таңғалдырған жоқ. Себебі Линдси 2017 жылы ислам дінін қабылдағаны туралы сұхбат берген болатын. Ол Құранды оқығанын, сондай-ақ араб тілін меңгеруге қызығушылық танытып жүргенін айтты. Сондай-ақ, Голливуд жұлдызы осы жылдың басында Инстраграм желісіндегі барлық жазбаларын өшіріп тастады.

2017 жылдың сәуір айында Лохан Таиландтың Пхукет аралындағы жағажайда мұсылмандардың суға түскенде киетін дәстүрлі киімімен жүрді. 30 жастағы актриса суға жеңі ұзын көйлек пен шалбар киіп, шашын жауып түскен. Твиттер блогері Белла Витаның айтуынша бұл суға түсуге арналған мұсылмандардың киімі Линдси өзі құрастырған топтаманың жиынтығы екен.

Жіберіп алмаңыз:

Телефонын қуатқа қойып әуен тыңдаған қыз туыстарынаң көз алдында өліп кетті

АҚШ президенті мектеп мұғалімдерін қарумен жарақтандыруды ұсынды

Түріктің “Kara sevda” телехикаясын Өзбекстанда көруге тыйым салынды

Суррогат аналар бойдақ жігітке 19 бала туып берді

Талқылау