Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдіктен бас тартқан бойжеткен 10 айда 30 келіге арықтады

Ұлыбритания тұрғыны Дионн Мейн ішімдіктен бас тартып, өмір салтын өзгерту арқылы, 10 айдың ішінде 30 келіге арықтаған.

Ішімдіктен бас тартқан бойжеткен 10 айда 30 келіге арықтады

Бұл туралы LADBible порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2017 жылы 22 жастағы бойжеткен «Ішімдіксіз қазан» қайырымдылық флешмобына қатысуды ұйғарған. Сол кезде оның салмағы 99 келі болған екен. Алайда ол үнемі алкогольді ішімдік ішкен. Бойжеткен күнделікті жұмыстан кейін 1-2 бокал шарап ішкен. Ал достарымен бас қосқан кезде шамамен 5 литр сидр ішетін болған.

Ішімдіктен бас тартқан бойжеткен 10 айда 30 келіге арықтады

Флешмобқа қатысқан Мейн бір ай ішімдік ішпей, шыдап бағыпты. Осы кезде ол 3 келіге арықтағанын байқайды. Қатты таңғалып, қуанған бойжеткен қайтадан ішімдіктен ұрттай бастаған. Артынша ол қайтадан артық салмақ қосыпты.

2018 жылдың қаңтар айында Мейн тағы бір мәрте ішімдіктен бас тартуды ұйғарады. Сонымен қатар ол зиянды тағамдардан шектеліп, жаттығу залына барады.

Ішімдіктен бас тартқан бойжеткен 10 айда 30 келіге арықтады

«Мен ішімдіктен бас тартып, емдәмге аздаған өзгеріс енгізіп, жаттығу залына бара бастадым. Мен тағамдардың құнарлылығын есептемедім. Тек дайын тағамдарға тапсырыс беруді доғарып, оның орнына үйде ас әзірлей бастадым. Адамдар арықтау үшін тек салат жеу керек деп ойлайды. Алайда мен салат жемей-ақ мақсатыма жеттім», – дейді ол.

Бастапқыда ол жаттығу залына барғанда қатты қиналған. Ендігі оған жаттығу жасаған ұнап қалыпты. Ал аптасына 6 сағатын жаттығу залында өткізеді.

Ішімдіктен бас тартқан бойжеткен 10 айда 30 келіге арықтады

Бүгінде Мейннің салмағы 69 келіні құрайды және киімінің өлшемі 50-ден 40-қа өзгеріпті. Өз кезегінде бойжеткен артық салмақтан арылу арқылы өзіне деген сенімділікке қол жеткізгенін мойындайды.

Бойжеткен емдәм ұстанып жүрген кезінде жігітін жолықтырып, екеуі бірге арықтаған. Ендігі бойжеткен тек мейрам кезінде ғана ішімдік ішетінін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау