Ішімдік пен сұлулық. Алкогольдің сырт келбетіңізге әсері қандай?

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 14:46

Ішімдіктен ұрттаған сауық кештерден кейін айнадан құбыжық көргендей боласыз. Мүмкін ішімдіктің организмге жағымсыз әсерін жоятын дәрі-дәрмек немесе тағамдар бар шығар?

alco_hair_2

«Ішімдік пен сұлулық – бір-бірімен үйлеспейтін ұғым. Алкогольді сусындар, әсіресе күштілері, улы. Тіпті, оларды көп мөлшерде ішу уланумен бірдей. Оған қарсы ештеңе де жасай алмайсыз. Кешкілік немесе ұйқыға жатар алдында ішілген ішімдіктің зияны анағұрлым көбірек», – дейді Мәскеулік наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының аға ғылыми қызметкері, профессор, медицина ғылымдарының докторы Владимир Нужный.

Ішімдіктің қандай мөлшері сырт келбетіңізге жағымсыз әсер етеді? Күніне 2 бокал шарап!

«Сауық кештерге арналған» барлық дәрі-дәрмектер тек бас жазу үшін ғана. Ал сырт келбетіңізге тигізер еш әсері жоқ.

Ішімдік ішкен уақытта организміңізде қандай өзгерістер орын алады?

1. Ерте әжім түсу. Жаңа әжімдер пайда болады. Көп мөлшерде ішімдік ішкенде организм сусызданады. Нәтижесі теріге де ықпалын тигізеді. Тері құрғап, түсі сұрланып, әжімдер пайда болады.

2. Купероз. Бет терісіндегі қан айналымы жиілейтіндіктен, теріде қан тамырлар торы пайда болады.

3. «Панда көзі». Көз айналасындағы тері ісініп, қараяды. Бауырдың микрозақымдануының салдары – қабақтың болбырауы (бауыр қызметіндегі ақауды білдіреді).

4. Шаштың жұқарып, сынғыш болып, түсінің көмескіленуі. Қан айналымының бұзылуына байланысты шашқа байланысты қиындықтар пайда болады. Уақыт өте келе шаш селдірей бастайды.

5. Арықтау. Бұл артық салмақтан арылып, қалаған нәтижеңізге қол жеткізгендей көрінуі мүмкін. Шындығында бұлшық ет массасының жоғалуы – созылмалы маскүнемдіктің салдары. Маскүнем әйелдердің ерекше белгісі – арық, аяғы таяқтай. Бұл ретте ішімдік ішу адамды толтыратыны жайлы кең тараған мәліметтің шындыққа жанаспайтынын атап өткеніміз жөн. Алкогольді ішімдіктердің калориялы екеніне қарамастан, адамның ішімдікке тәуелділігі енді қалыптаса бастаған кезеңде ғана ішімдіктен семіруге болады. Оның өзінде мұнда тек ішімдік қана емес, тіскебасар да маңызды рөл атқарады. Біраз уақыттан кейін, ішімдіктің улылығы себепті адам арықтай бастайды.

Сырт келбетіңізге ішімдіктің зардабы тимес үшін не істеу керек?

  • Ішімдік ішпестен бұрын жақсылап тамақтану қажет. Ол мастықты тежеп, ішілген ішімдік мөлшерін азайтады.
  • Алкогольді сусын ішкен кезде көп қимылдаңыз. Тіпті, билеуіңізге де болады.
  • Ішімдік ішкеннен кейін міндетті түрде таза ауаға шығып, 500 метр қашықтықты жүріп өтіңіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар