Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда қамауға алынған қазақ режиссерінің не себептен тұтқындалғаны белгілі болды

Қазақ режиссері Қанат Бейсекеевтің Иранда не үшін қамауға алынғаны белгілі болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, Бейсекеев Иранның Горган қаласында арнайы рұқсатсыз фильм түсірген.

Иранда қамауға алынған қазақ режиссерінің не себептен тұтқындалғаны белгілі болды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бейсекеев Иранға 4-5 күн бұрын ұшып келген. Түсірім тобы Горганға жергілікті билік органдарының рұқсатынсыз келген. Олар аз уақыт күте тұру керек еді, себебі ол елге ресми хат жазу қажет болды», – деді ақпарат көзі.

Белгілі болғандай, Бейсекеев және түсірім тобындағы тағы екі адам Қазақстанға келу үшін Тегеранға кеткен. Дегенмен, екі күн бұрын түсірім тобының ешкімге айтпастан Горганға қайтып келгені туралы ақпарат пайда болды.

«Жергілікті қазақтар да бұл туралы білмейді. Бірақ олардың қамауға алынуы туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ олар ұсталды. Алдын-ала ақпарат бойынша оларды қонақүйде тұтқындаған», – деді сұхбаттасушы.

Иран заңнамасына сәйкес журналистер мен блогерлер бұл елден ақпарат жинау үшін алдын-ала рұқсат алу керек екен.

Өз кезегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин желідегі парақшасында Қанат Бейсекеевтің “үйге ұшып келе жатқанын” хабарлады.

«Қанат Бейсекеевте бәрі жақсы. Ол елге үшып келе жатыр. Жұмысқа қатысты жағдай болды, бірақ мәселелер шешілді», – деп жазды Қарин.

Айта кетейік, Бүгін таңертең шетелде қазақтар жайлы фильм түсіріп жүрген танымал режиссер Қанат Бейсекеевтің Иранда қамауға алынғаны хабарланды. Сонымен қатар, оның PR-маманы Әлішер Елікбаев режиссердің түсірілім жұмыстарына қажетті құрылғыларының тәркіленгенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау