Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта 111 мың адам ауыз суға уланып қалды

Ирактың оңтүстігіндегі Басра провинциясында ауыз суға уланған жергілікті тұрғындардың саны күн санап артуда. Соңғы деректер бойынша олардың саны 111 мың адамға жетті. Бұған дейін 27 мың адам ауыз судан уланды деген хабарлама тараған болатын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Al-Sumaria телеарнасына сілтеме жасап.

Иракта 111 мың адам ауыз суға уланып қалды

Жаңа мәліметтерді Басра қаласындағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссариатының директоры Махди ат-Тамими жариялады. Ол оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында ластанған судан улану оқиғалары тіркелгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Еуропалық одақтың Ирактағы елшісі Рамон Блекуа да ластанған ауыз судан уланып қалған.

Махди әл-Тамими сондай-ақ, комиссариат орталық үкіметтен және жергілікті билік органдарынан ауыз су мәселесі бойынша нақты және маңызды ұстанымды талап ететінін атап өтті.

Еске салайық, Иракта Басра қаласында басталған наразылық шарасы өтіп жатыр. Онда мыңдаған тұрғын таза ауыз су мен электр қуатынын жеткізуді жақсартуды талап етуде. Ал биліктегілер наразылық білдірушілердің талаптарын орындау үшін арнайы комиссия құрды және Басра тұрғындарына ауыз су мен электр желілерінің сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге ақша бөлінеді деп уәде берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау