Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипподромда ат артқы тұяғымен жас баланы теуіп жер жастандырды (видео)

Ипподромда ат сәл болмағанда ер адамды өлтіріп қоя жаздады. Әуесқой бейне түсірілімде кілем ұстап бара жатқан жігітті аттың артқы аяқпен теуіп сұлатып түсіргені байқалады.

336

Сурет otyarar.kz

Бейнежазбаның астына пікір қалдырушылар оқиға Шымкент ипоодромында болған болуы мүмкін деп жазыпты. Ал жазым бола жаздаған жас жігіт әлі есін жия алмай ауруханада жатқан көрінеді.

Алайда қалалық ипподром басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар қалалық ипподрамда жақын күндері ешқандай іс-шара өткізілген жоқ дейді. Кей пікірлерге сүйенсек, бұл видео желі қолданушыларының өзбекстандық сегментіне тиесілі екен.

Видеода жас жігіт аттың дәл артынан бара жатады. Жалпы, жылқы малының ешқашан артқы тұсына шықпау бұл дәлелденген дүние. Асау мінезді аттардың барлығы да артқы тұяқтарымен жер жастандыруға қауқарлы.

Жылқылардың денесінің артқы бөлігін тек өздерінің бөксесі ретінде қорғайды деп ойлау қателік. Бұл жылқы малының анотомиялық және психологиялық ерекшелігіне тікелей байланысты. Мына картинада оның осы ерекшеліктері айқын көрсетілген.

226

Талқылау