iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)
Америкалық әйел Лас-Вегаста болған жаппай атыс кезінде смартфонының арқасында аман қалды. Гаджет әйелдің ішіне тиюі мүмкін оқтан қорғап қалған.

Бұл туралы KLAS телеарнасы хабарлайды.
Қылмыскер атқан оқтың бірі 33 жастағы келіншекке де тие жаздаған. Алайда абырой болғанда оқ смартфонның сыртқы корпусына тиіп, әйелді өлімнен аман сақтап қалады.

Еске салсақ, 1 қазан күні 64 жастағы зейнеткер Стивен Пэддок Лас-Вегастағы ғимараттардың бірінің төбесінен халыққа оқ жаудырып, 59 адам қаза тапқан еді. Кейін полицейлер қылмыскердің көзін жойған. Бұл қылмыс АҚШ тарихындағы ең қанды оқиға ретінде бағаланды.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та қоршауға сүрініп қалған қыз 6 миллион доллар өндіріп алды
Үндістанда селфи жасамақ болған үш студент пойыз астына түсіп қаза тапты
Топпен бірге мыңнан аса қыз зорлаған азаматтың әйелі зорланған қыздардың өзін кінәлады
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды