Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone құрастырушы қызметкерлер тұратын жатақхананың адам шошырлық жағдайы (фото)

Журналистер Pegatron компаниясымен Apple компаниясына мердігер ретінде жалданған мигрант жұмысшылар мекен ететін жатақхананың жай-күйін зерттеп көрді. Мұндағылар бұл ғимараттан 8 апта бұрын көшіп кеткен.

532

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Безымянный

Олар көшіп кеткен соң бұған дейін ешкім білмеген шындықты білуге мүмкіндік туды. Тайвандық Pegatron электроника компаниясының жұмысшылары 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істеп, әлемге танымал iPhone 6s телефонының жартысын жасап шығарады.

сс

счч

Жатақханада жұмысшылардың не жуынуына, не дәретке отыруына дұрыс жағдай жасалмаған. Тіпті, бөлмеде унитаз жоқ. Оның орнына әр кабинаға тарайтын тесік тұр.

с

Әр блок ішінде тар бөлмелер орналасқан. Әр жатын бөлме үшін жұмысшылар шамамен айына 23 доллардан төлеп отырған. Ол ақша жұмысшының жалақысынан ұсталады. Pegatron мәліметінше, әр бөлмеде 8 адамнан тұрады.

р

Ал, журналистерге дейін мұнда белгісіз бір жан жасырын ерттеу жүргізіп көрген. Ол жұмысшы ретінде жатақханада 10 күн тұрып көрген. Оның айтуынша, әр бөлмеде 12 адамнан тұрған. Олар таңертең жуыну үшін кезекке тұрған.

1106

Apple компаниясының операциялық директоры  Джефф Уильямс 2016 жылғы есебінде: «Apple компаниясында әрбір қызметкерге құрметкпен қарауды мақсат тұтамыз» деп жазған болатын.

1319

ссс

Талқылау