Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернет ойыннан ойсырай ұтылған қытайлық геймер компьютерді баспен ұрып жарып жіберді

Қытайлық геймер көптеген пайдаланушылар арқылы ойналатын League of Legends ойынынан ұтылғаннан кейін компьютер мониторын ұрып сындырып тастаған.

pic_cfb5f868aac3e3248550e5d75276fffd

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Оқиға Гансу провинциясындағы Ланьчжоу қаласында болған. Интернет-кафеге келушілердің бірі командаласы жіберген қателікке ашуланады. Кезекті сәтсіздіктен соң ол ойланып жатпастан мониторды баспен ұрып жайратып салған.

Қатты соққыдан компьютер істен шығып, геймердің басы жарақаттанған. Интернет-кафе қызметкерлері қанға боялған клиентке көмекке ұмтылады. Ал өзге келушілер болса жағдайға назар да аудармастан ойынды жалғастыра берген.

Жігіттің суретінің астына желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып қалдырған. Олар геймердің ақылға сыйымсыз әрекетін интернет ойынға қатты берілгендіктен деп бағалаған.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-тың танымал шоуында 5 жасар америкалық бала Қазақстанның туын бірден таныды (видео)

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Жол сақшысы мың бұралып билеп тұрып көлік қозғалысын реттеді (видео)

Алматыда сарбаз ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото. видео)

Талқылау