Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram желісін көп пайдаланған адам күйзеліске ұшырайды

Instagram-ды қолданатын көптеген адам күйзеліске түсіп кетуі мүмкін. Пенсильвания Университетіндегі психологтар осындай қорытындыға келді.

Сарапшылар Facebook, Instagram және Snapchat-ты белсенді қолданатын 143 студенттің арасында зерттеу жүргізді. Сауалнама iPhone статистикасын пайдаланып, олардың көңіл-күйін және зерттеуге дейін өзін қалай сезінгенін және әлеуметтік желілерде өткізетін орташа уақытты анықтады.

Осыдан кейін студенттер екі топқа бөлінді. Бірінші топ әлеуметтік желілерді бұрынғыдай пайдаланды. Екінші топ әлеуметтік желіні күніне он минут қолданды. Зерттеу үш аптаға созылды. Зерттеу аяқталғаннан кейін психологтар 7 индикатордан тұратын арнайы сауалнама дайындады: әлеуметтік қолдау, қоршаған ортаны жоғалту қорқынышы, жалғыздық, алаңдаушылық, күйзеліс, өзін-өзі бағалауы зерттелді. Зерттеу көрсеткендей, жалғыздық пен күйзеліс әлеуметтік желілерді пайдалануымен тікелей байланысты. Екінші топ мүшелерінде күйзелістің белгілері бірінші топқа қарағанда аз болды.

Зерттеушілердң пайымынша, адам желіде өзгенің өмірін көре отырып, саналық салыстырушылыққа жол береді. Яғни, басқалар менен қарағанда жақсы өмір сүріп жүр деген сана қалыптасады. Соның салдарынан күйзеліске түсе бастайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау