Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram-дағы жаңа миллионер жұлдыздар кімдер? (фото)

Бүгінде шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздардың танымалдылығын, «өтімділігін» Instagram-дағы оқырмандар санына қарап анықтауға болады. Әзірге Қазақстандағы ең танымал Instagram жұлдызы – танымал продюсер Баян Есентаева. Ол бағындырған 2 миллион оқырман межесіне бірде-бір әнші жеткен жоқ, деп хабарлайды Stan.kz.

жана миллионерлер

Ал оқырмандар саны миллионнан асқан жұлдыздар жетерлік. Олардың арасында «МұзАрт» тобының серілері Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай, «Кеш you» тобының «Алтын құрамында» ән салған Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, сол сияқты танымал әншілер Ерке Есмахан, Айгүл Иманбаева, Айқын Төлепберген, Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Айша бар.

Енді олардың қатарына Жанболат пен Жазира дуэті, Мөлдір Әуелбекова мен тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы қосылды.

Айта кетейік, миллион оқырманды бағындырған қазақстандық жұлдыздар кейбір шетелдік немесе голливуд жұлдыздарынан да асып түсті. Мәселен, Ресей эстрадасының танымал жұлдызы Филипп Киркоровтың желідегі оқырмандар саны 800 мыңнан енді асса, әлемге танымал актриса Моника Белуччи әлі 300 мыңға да жетпеген.

Жіберіп алмаңыз:

Актер Аманғали Сыпабеков алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

Көрінбей кеткен жұлдыздар қазір немен айналысып жүр?

Ділназ Ахмадиева өзін “қарапайым емес” деп айыптаған жанға жауап берді

Түсіпбаева: Кейбір дизайнерлер сымбатты әйелдерді көре алмайды

Талқылау