Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ине салдырмаған, ернін үрлемеген: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды жер-көкке сыйғызбай мақтады

“Келінім – Қазақстандағы ең әдемі келіншек” Жұлдызды жер-көкке сыйғызбай мақтаған Гүлзира Айдарбекова желіде қызу талқыға түсті. Instagram-оқырмандарының басым дені Айдарбековамен келісетінін жеткізгенімен, қарсы шығып, жағымсыз пікір білдіргендер де баршылық, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова

“Ең әдемі келіншек” деген ат берер едім, келісесіздер ма?” – деп пікір білдірді Үсенқызы Жұлдыздың суретін жариялап.

Оқырмандардың бірі: “Қазақтың келіншектері ең әдемі! Жұлдыздан да сұлу, табиғи сұлу келіншектер бар”, – деп пікір қалдырған.

“Жұлдыз нағыз табиғи сұлу жан болғандықтан, толық сеніммен жаздым. Ине де салдырмаған, ерінді де үрлемеген, көкіректі де жасанды ота жасамаған, тіптен татуаж да жоқ, жүрегі онан асқан сұлу. Бір әулет тұрмақ, сабырлылығымен бүкіл елді дүрліктірген жан. Одан да үлгі ал. Қазақстандағы әйелдер арасындағы сұлулықтың символы деуге тұрарлық, жас келіншектерге жолын берсін”, – деп жауап берген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау