Индонезияда бөгдепланеталыққа ұқсайтын жәндік жұртты шошытты
Желіде Индонезиядан табылған бөгдепланеталыққа ұқсайтын белгісіз жәндік табылды. Ол қармауыштарының көмегімен қозғалады. Желі қолданушылары оның шығу “тегіне” қатысты талас жүргізді. Кейбіреуі мұның бөгдепланетадан келгенін айтады.

Бұл туралы ТҺе Mirror басылымы жазды.
“Егер мен бұл жәндікті үйдің ішінен көріп қалатын болсам, ойланбастан үйді толықтай өртеп жіберетін едім”, “Мен осы секілді жәндікті Боливияның шығысынан көргенмін. Бөгдепланеталыққа ұқсайды” деп жазады желідегілер.
Ғалымдар бұл жәндіктің “Creatonotos gangis” атты күйе көбелектің ерекше түрі екенін айтады. Ол адам үшін қауіпті емес. Тек анар ағашын жоюмен айналысады. Мұндай күйе көбелек түрлері Индонезия, Үндістан, Шри-Ланка, Жапония, Таиланд және Жаңа Гвинеяда өсіріледі.
Жіберіп алмаңыз:
Төзімділігін дәлелдемек болған секта көсемі жұрттың көзінше ыстық суға түсіп көз жұмды
Ресейде депутаттың батутта секіріп көз жұмған сәті таспаға түсіп қалған (видео)
72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды
Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?