Индонезияда 48 адамның өмірін қиған цунами: Адамшошырлық кадрлар (видео)
Индонезияда цунамидің салдарынан бірнеше мәрте жер сілкісіні болып мыңдаған адам зардап шекті. Магнитудасы 7,5 балды құраған табиғи апат 28 қыркүйек күні болды. Оқиғадан кемі 48 адам көз жұмып, жүздеген адам зардап шекті.

Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Цунамиден кейін ел аумағында бірнеше мәрте жер сілкінісі болды. Табиғи апаттың магнитудасы – 5,8 балды құрады. Куәгерлердің сөзінше, цунамидің биіктігі 2 метрге дейін жеткен.
Сулавеси аралына түскен цунами салдарынан кемі 48 адам көз жұмған. Қаза болғандар саны бұдан артуы мүмкін. Ол жағы әлі де анықталу үстінде.
Сондай-ақ, оқиғадан зардап шеккен жүздеген адамға ауруханаларда көмек көрсетілуде.
“Экономика сегодня” басылымының хабарлауынша, кем дегенде 30 адамның мүрдесі мұхитқа ағып кеткен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген