Иманғали Тасмағамбетов жанды дауыста ән айтып, елді таңғалдырды (видео)
Иманғали Тасмағамбетов композитор Төлеген Мұхамеджанұлының сүйемелдеуімен ән айтты.

Шенеунік Александр Малининнің “Напрасные слова” әнін шырқады. Әнді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, атақты композитор Төлеген Мұхамеджанұлы сүйемелдеді.
Жанды дауыста ән айтқан Тасмағамбетовтың өнері көптің көңілінен шықты. Желі қолданушылары ізгі тілегін айтып, жақсы пікір қалдырды.
“Иманғали ағамыз керемет өнерлі, әншілерден артық айтпаса кем түспейді”, “Не деген әдемі дауыс, естір құлаққа жағымды”, “Жігітке жеті өнер де аз деген, қазақтың жігіттері өнерлі келеді”, дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Иманғали Тасмағанбетов 2017 жылдың 3 ақпанынан бастап Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі