Илья Ильин жаттығуларын қайта жаңғыртып аса ауыр салмақты бағындырды (видео)
Ауыр атлетикадан кеттім деген мәлімдемесіне қарамастан танымал спортшы Илья Ильин жаттығуларға қайта оралды.

Бұл туралы ол өз Инстаграм парақшасында жария етті.
“Алты сағат жұмыс және керемет уақыт өткізу. Бүгін керемет нәтижелер көрсеттім. Қайтадан көтеріп жатқаныма қатты қуаныштымын. Достар, тамаша жұмыс үшін рахмет!”, – деп жазды ол.
Ірі допинг дауына іліккен Илья Ильин қазір Алматы менеджмент университетінде оқып жатыр. Ол осылайша келешекте өмірін бизнесмен байланыстыратынын мәлімдеген.
Публикация от Илья Ильин (@ilyailyin_official)
Сондай-ақ, спортшы мәдениет және спорт министрлігіндегі лауазымды қызметтен кетіп, болашақта сұлулық салонын ашқысы келетінін айтқан еді.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"