Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин спорттағы карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Атақты ауыр атлет бұл туралы өзінің докторлық диссертациясын қорғауына қатысты берген баспасөз конференциясында мәлім етті.

4c268e1d66407b51ad80d3daa71a5e93

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Илья Илин 32 жас шамасында ауыр атлетикадағы жолын аяқтайтынын айтқан.  “Мен тынбай жаттықтым. Сол жаттығулардың арасында ғылыми жетекшіммен кездесіп, екі, үш сағат бойы Академияда отырып, дайындалып, талдаулар жасадық. Бұл менің тренерлік жолындағы бастамам ғана. Шынын айтсам, 32 жасқа келгенде тренер ретіндегі, спортсмен ретіндегі карьерамды тәмамдамақпын. Бәлкім, одан әрі өз командамда менеджер ретінде жұмыс істеп көргім келетін шығар.» – деп атап өткен 27 жасар спортшы.

Алдына жан салмаған чемпион сондай-ақ Грозныйда әлемдік рекорд жаңартқан кезіндегі көңіл-күйі туралы да әңгімелеп берді. “Әнұранды шатастырып алғанына аса мән бермей-ақ қойыңыздар. Шын мәнінде онда бізді дос, бауыр ретінде, өте жоғары деңгейде күтіп алды.  Үнемі қасымыздан қалмай қонақүйге көлік жіберіп, аяғымызды жерге тигізбеді. Егер Риода дәл осылай күтіп алатын болса,  дәл сондай көңіл күй сыйлай білсе, үшінші олимпиадалық «алтын» сөзсіз біздің қолда болмақ. Иә, қазірдің өзінде барлығы мені жұлқа көтеруде 250 килограмм көтереді деп болжап отыр. Алдын ала ештеңе айтпайын. Ең бастысы – жеңіске жету», – деді Илья Илин.

Естеріңізге сала кетейік, 27 жасар ауыр атлет Илья Ильин докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия ғылымдарының докторы атағын алған болатын.

 

Талқылау