Илья Ильин бастаған бір топ қазақстандық атлеттер антидопинг агенттігінің бақылауына алынды
Екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин және бір топ қазақстандық атлеттер 2016 жылы не істеп, қайда барғандары туралы толыққанды мәліметті әлемдік антидопинг агенттігіне өткізуге міндеттелді.

Сурет newstop.kz
Бұл туралы prosportkz.kz сайты хабарлайды.
Тізімге әлемнің 297 спортшысы еніп отыр. Оның 17 ауыр атлеті қазақстандықтар: Селимхан Әбубәкіров, Айдар Қазов, Светлана Подобедова, Неджат Рахимов, Денис Уланов, Надежда Ногай, Семин Линдер, Александр Зайчиков, Жазира Жаппарқұл, Зұлфия Чиншанло, Арли Чонтей, Кирилл Павлов, Карина Горичева, Маргарита Елисеева және Мая Манеза.
Былтыр, қазақстандық үш ауыр атлет – Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайлар Хьюстондағы әлем чемпионатынан соң допинг қолданды деп айыпталып, уақытша спорттан шеттетілген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан