ІІМ ойыншық ұрлаған полицейлердің видеосын тексеруде
ІІМ ақысын төлемей тауар алып кеткен полицейлерге қатысты пікір білдірді. Желіде балалар жәрмеңкесі кезінде полицейлердің ойыншық алып, ақысын төлемегені түсірілген кадрлар тарады.

Видеода полицей формасындағы үш жігіттің пакет ұстап кетіп қалғаны байқалады, деп хабарлайды 31 арна.
Қызметкерлердің айтуынша, компания басшылығы полицейлердің атына шағым түсіру үшін кеткен. Бұл істің немен аяқталатын белгісіз.
ІІМ бұл кадрды тексеру үстінде. Болжам бойынша, оқиға Алматыда болған. Бірақ нақты емес.
«Видеоны толық көріп шығу керек. Егер полицейлер шынында да заңға қарсы әрекет жасаса, олар жазаланатын болады. Қызметінен кетеді», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Полицейлердің басшылығы да жазаға ілігуі мүмкін. Бірақ тек тәртіптік жаза қолданылады. Олар қоластындағыларды дұрыс тәртіпке салмағаны үшін жазаланады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда