Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру туралы ескертті
Қазақстанда жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат азаматтарға 2009 жылдан бастап беріліп келеді. Оның жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталатындықтан, ҚР ІІМ жеке куәлікті уақытылы ауыстыру туралы ескертті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжаттың жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды. Яғни 2009 жылы жеке куәлік алған азаматтар үшін құжаттың жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады.
Құжатты еліміздегі кез-келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңа түріне ХҚКО-ға бармай-ақ алмастыруға болады. Ол үшін электронды үкімет порталы арқылы сұрау жіберу жеткілікті. Азамат электронды сауалхатпен бірге өзінің 3,5х4,5 см. цифрлі фотосуреті мен жеке қолын сканерленген графикалық файл түрінде жолдауы тиіс.
Қолайлылық үшін бұрынғы құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды рәсімдеуге болады.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"