Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Ақтөбеде оқиға орнынан ізін суытқан 6-7 күдікті іздестірілуде

Полиция қызметкерлері Ақтөбедегі қанды оқиғада ізін суытып үлгерген 6-7 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін  Қалмұханбет Қасымов хабарлаған.

ақтөбееее

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазды.

« Біздің қызметкерлер тура қазір 6-7 адамды іздеп жатыр. Олар өздерімен біге бес қаруды алып кеткен,-деді ҚР ІІМ басшысы Қасымов.

Есте болса өткен демалыста Ақтөбеде белгісіз азаматтардан құралған топ қару сататын екі дүкенге, Ақтөбедегі әскери бөлімшеге шабуыл жасаған еді.

Бұған дейін, мұндай қылмысқа барған азаматтар  дәстүрлі емес радикалдық дін өкілдері екені айтылған еді. Оқиға салдарынан 17 адам қайтыс болып, тоғыз адам қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Тура қазір Ақтөбе облысында  контртеррорлық операция режимі орнатылған. ІІМ  қаладағы жағдай тұрақтанып, арнайы бақылауда екенін хабарлаған.

 

 

Талқылау