ІІД “Таразда полицейлер бірін-бірі атып өлтіре жаздады” деген видеоға түсініктеме берді
Жамбыл облыстық ІІД Тараздағы бірін-бірі қуып, қару кезенген полицейлер туралы түсініктеме берді.

Фото: Анатолий Устиненко
Әлеуметтік желіде жарияланған “Таразда полицейлер бірін-бірі атып өлтіре жаздады” деген бейнежазба антитеррорлық оқу-жаттығудың бір бөлігі еді деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД.
Облыстық ІІД мәліметіне сүйенсек, осы жаттығулар кезінде полицейлер қаруланған қылмыскерлерді ұстау әдістерін жаттықтырыпты. Полицияның айтуынша, халық арасында түсініспеушілік немесе үрей тумас үшін оқу-жаттығулардың өткізілетіні туралы ақпарат БАҚ мен әлеуметтік желілерде таратылған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"