Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД Қордай тұрғындарын ұрып-соғып тонап жүрген ұрылар жайлы айтты

20 мен 29 шілде аралығында Қордай ауылында ұрылардың қолынан тұрғындар зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бетперде киген ұрылар, үйден құнды заттар мен ақша ұрлаған.

20 шілдеде екі ұры таяқпен зейнеткерлерді ұрып, 100 мың теңге мен 500 евросын алып кеткен. Зейнеткерлер емханаға жеткізілді.

21 шілдеде пышақ пен газ баллонынпайдаланып, дүкен иесінің үйіне түсіп, 100 мың теңгесін алып кеткен. 59 жастағы әйелге жедел жәрдем қызметі келді.

29 шілдеде екі ұры 45 жастағы тұрғынның үйіне түсіп, қызын ұрып-соғып, жіппен байлап, 50 мың теңгесін алып кеткен.

Тұрғындар арасында ұрылар адамдардың құлағы мен саусағын кесіп, қолтаңбасын қалдырып кетеді деген әңгіме тараған. Ол шындыққа жанаспайды. Облысты ІІС мұндай ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын хабарлайды.

Қазір күдіктілерді іздеп жатыр. Іс облыстық ІДД-нің бақылауында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау