Басты жаңалықтар
ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек қалай арықтағаны жайлы айтты
Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бір жарым жылда артық салмақты қалай тастағаны жайлы айтып берді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Баспасөз қызметкеріне артық салмақтан арылуға күнделікті жаттығумен айналысу көмектескен. «Бір мезетте өзіммен айналысу керектігімді түсіндім. Бәлкім, уақыт та пайда болған шығар. Мен алдыма арықтаймын деген мақсат қойдым да, өз-өзіммен жұмыс істеуді бастадым. Маған арықтауға жүйелі жаттығумен айналысу көмектесті. Жаттығу залына күнде баруға тырысамын, тіпті кейде түн ортасында баруым да мүмкін» — дейді Әзірбек. Қазір оның салмағы тұрақталған, дегенмен ол жаттығуларын тоқтатпаған.
Сонымен қатар, ол арықтау үшін тамақтану дағдысын түбегейлі өзгерткен. Тамақты талғаммен жеуді үйренген.
Айта кетейік, Салтанат Әзірбек Ішкі істер департаментінде 13 жылға жуық қызмет еткіп келеді. Тұрмыста, екі баласы бар.
Талқылау

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен қаржы алу кезінде тап болған қиындығын айтты
Желі қолданушысы: "Депозит ашқанда салық берешегімді тексермеді"

Желіде дүкенге барып сатушылармен сөйлесу арқылы қазақ тілін үйреніп жүрген азамат жұртты тәнті етті
Руслан Фоминн: “Қазақ орысша сөйлесе “мәңгүрт” деп сынайды”