ІІД: Астана-Көкшетау тас жолындағы көлік апатынан аман қалған 3 жасар баланың анасы сол жерде көз жұмуы мүмкін
“Астана-Көкшетау” тас жолы бойында, 4 желтоқсан күні болған ірі жол апаты кезінде зардап шеккен 3 жасар Данилдің анасы, оқиға орнында көз жұмған болуы мүмкін. Бұл болжамды Ақмола облыстық ІІД жасап отыр.

ІІД хабарлауынша, баланың анасы Алена, жол апаты кезінде қайтыс болған үш әйелдің бірі болуы мүмкін екен. Үш жасар баланы белгісіз ер адам Макинскідегі полиция бөліміне жеткізіп, тәртіп сақшылары оның әкесін анықтап үлгерген.
Қазіргі таңда Данил Бұланды аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.
Бұған дейін “Астана-Көкшетау” тас жолының 245-шақырымында жол апаты болып, үш әйел мен оларға көмекке ұмтылған қарапайым жолаушының қаза тапқанын хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті
Алматыдағы барахолка өртке оранды
Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды